Біздің күшіміз – бірлікте.
1- Мамыр Қазақстан халқының бірлік
күніне арналған іс-шаралар жоспары негізінде Спасская негізгі мектебінде келесі шаралар өткізілді. Мектеп кітапханасында «Біздің күшіміз – бірлікте» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сынып жетекшілері «Халықтардың достығы», «Қазақстан халықтарының бірлігі», «1 мамырдың тарихы» атты сынып сағаттары мен әңгімелесулер өткізіп, оқушыларға видеофильм көрсетті. "Мәңгілік Ел" идеясын жүзеге асыру мақсатында ескерткіш алаңында "Сақтаймыз және дамытамыз» атты экологиялық сенбілік өткізілді.
1 мамыр қарсаңында "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" балалар-жасөспірімдер
ұйымының қатарына 6 оқушы қабылданды. Республикалық қоғамдық ұйымы
"Жас Ұлан" және "Жас Қыран" қатарына оқу озаттары мен мектеп белсенділері қабылданды. Оқушыларға белгішелер галстуктер тағылды. "Бір Ел!Бір Тағдыр! Бір Елбасы!" атты әдеби оқу өтті. Мектеп директоры Шакиров С. А. және мұғалімі Фомина С. А. барлық қатысушыларды Қазақстан халқының Бірлігі мерекесімен құттықтады. Содан кейін бұл барлық қатысушылар естелік ретінде фотосуретке түсті.
Педагог-ұйымдастырушы Мергунова Т.Е.