Құрметті жерлестер!
Сізді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Осыдан 29 жыл бұрын, алғашқы ұлттық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті болып жарияланды.
Мемлекет басшысы - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының символы және кепілі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - қарқынды әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы бар мемлекеттің бірегей моделін жасаған заманауи көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, бәсекеге қабілетті мемлекет құруға өзінің барлық күш-қуатын, талантын берген ұлт Көшбасшысы. Сондықтан оның стратегиялық ойлауы мен болашаққа бағытталған саясаты әлем көшбасшыларына тәнті болып, адамдардың шынайы құрметін тудырып, қазақстандықтарға алдағы онжылдықтар бойы қоғам дамуының басымдықтарын анықтауға мүмкіндік беруі заңды.
Құрметті жерлестер, біз сіздерді айтулы мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Біз шын жүректен мықты денсаулық, әр отбасына бақыт, бейбітшілік пен амандық, егемен еліміздің одан әрі өркендеуі жолындағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!